Учаскелік сайлау комиссиясы мүшесін мiндетiнен босату туралы
Учаскелік сайлау комиссиясы мүшесін мiндетiнен босату туралы
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2023 жылғы 9 маусым № 15 Ойыл ауылы
Учаскелік сайлау комиссиясы
мүшесін мiндетiнен босату туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің өз өтініші негізінде Ойыл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Өз өтініші негізінде Сапарғалиев Тимур Аманжанұлы №412 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы міндетінен 2023 жылдың 9 маусымынан бастап босатылсын.
- Осы қаулы Ойыл аудандық мәслихатына жолдансын.
Төраға Б.Т.Бисекенов
Хатшы Н.Б.Кенжебеков
13