Ойыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 29 желтоқсан №14 Ойыл ауылы
Ойыл аудандық мәслихатының
депутаттарын сайлау бойынша аумақтық
сайлау округтерін құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 6 тармағына, 21 бабының
4 тармағына және 22 бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ойыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша қосымшаға сәйкес шекараларда 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
- Қаулы Ойыл аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі.
Комиссия төрағасы: Б.Т.Бисекенов
Комиссия хатшысы: Н.Б.Кенжебеков
9