ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 11 қараша № 1 Ойыл ауылы
|
Ойыл ауданының Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ойыл ауданының Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы 2022 жылғы 11 желтоқсанға тағайындалсын:
- Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы
12 қарашасынан басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы
25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2022 жылғы 30 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын.
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Бисекенов
|
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Б.Бақтыгереев |
Б.Бақтыгереев |
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 11 қараша № 2 Ойыл ауылы
Ойыл ауданының Ш.Берсиев атындағы
ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде
сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4)тармағына және 22 бабына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ойыл ауданының Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде мынадай сайлау округі құрылсын:
1) Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің шекараларында - Ш.Берсиев атындағы сайлау округі;
- Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Ойыл аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы: Б.Бисекенов
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы: Б.Бақтыгереев
ОЙЫЛ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
2022 жылғы 11 қараша № 3 Ойыл ауылы
Ойыл ауданының Ш.Берсиев атындағы
ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу
мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2) тармақшасына, сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2022 жылғы 11 желтоқсанға тағайындалған, Ойыл ауданының Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Күнтізбелік жоспар Ойыл аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы: Б.Бисекенов
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының хатшысы: Б.Бақтыгереев
17
11 қараша 2022 11:24
11 қараша 2022