Ақтөбе облысы Ойыл ауданының  ауылдық округтері  әкіміне кандидаттарды  тіркеу туралы хабар  - 08.07.2021

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының  ауылдық округтері  әкіміне кандидаттарды  тіркеу туралы хабар  - 08.07.2021

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5-бабына сәйкес Ойыл аудандық сайлау комиссиясы келесідей ауылдық округтер әкіміне кандидаттарды тіркеді:

                                  Көптоғай ауылдық округі бойынша:

  1. Сатығалиев Қуаныш Айсаұлы - 1983 жылы туған, Жақсыбайкөл негізгі мектебінің директоры, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Жаңақоныс ауылы 5 үйде  тұрады,  «Ауыл»  ХДПП-ы  ұсынған;

Саралжын ауылдық округінің әкімдігіне:

2.Қосбаев Ахметжан – 1981 жылы туған,  «Қазпошта» АҚ ірі көлемді   

пошта жөнелтілімдері учаскесінің диспечері, Ойыл ауданы Саралжын ауылдық округі, Бестамақ ауылы,Тайсойған көшесі 4 А үйде        тұрады,«ADAL» саяси партиясы ұсынған.

 

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының  ауылдық округтері  әкіміне кандидаттардың  ұсынылуы туралы хабар  - 08.07.2021

Ойыл аудандық сайлау комиссиясына Саралжын ауылдық округінің әкіміне өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған бір кандидаттан (Тәжіғалиев Марат Тлепбергенұлынан)   құжаттар келіп түсті.

Кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін анықтау жүргізілуде.

Жарияланған күні

08 шілде 2021 00:00

Жаңарту күні

08 шілде 2021