"Ойыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы" Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қ А У Л Ы С Ы
Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
|
Ойыл ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы |
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ойыл ауданының мынадай ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалсын:
- Көптоғай ауылдық округі әкімінің;
- Саралжын ауылдық округі әкімінің.
- Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 26 маусымынан басталып және ұсыну мерзімінің ақталуы 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Ауылдық округтердің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Ойыл» газетінде жариялансын.
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
|
Б.Бисекенов |
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Б.Бақтыгереев |
Б.Бақтыгереев |
Ойыл ауылы
2021 жылғы 25 маусым
№ 6
4
25 маусым 2021 00:00
25 маусым 2021