Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы
Ойыл ауылдық округі Ойыл ауылы бойынша
жергілікті қоғамдастық жиналысының
ХАТТАМАСЫ
№10
19 сәуір 2021 жыл Жергілікті уақытпен 1600
Ойыл ауылында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар мүшелерінің жалпы саны: 60 адам.
Қатысқан адам саны – 35 адам.
Жергілікті қоғамдастық жиналысын Ойыл ауылдық округінің әкімі С. Даулеткалиев ашты.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы С.Қойбағаров жиналыстың төрағасы болып, Саттибаев Конакбай хатшысы болып сайланды.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.Ойыл селосы орталығындағы Идеологиялық тұрғыдан ескірген және мән –мағанасы жоқ көшенің атауын өзгерту туралы
Тыңдалды:
С.Қойбағаров жиынның төрағасы:
- Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша . Ұсыныс пікірлеріңіз болса.
Шалабаев Т- Бірінші мәселе бойынша иделогиялык мән мағанасы жоқ Тәуелсіздік 20 жылдығы атындағы көшеге тек қана Тәуелсіздік атауы берілсін.
Сағиданов.Қ- Менде бұл ұсынысты қолдаймын 20 жылдық алып тасталыныа тек Тәуелсіздік деген атау берілсін.
Қалған қоғамдастық мүшелері бірінші мәселені бір ауыздан қолдады.
С.Қойбағаров жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы:
- Басқа ұсыныстар болмаса Ойыл ауылындағы Тәуелсіздіктің -20 жылдығы көшесі Тәуелсіздік көшесі болып аталсын.
Қолдаушылар – 35 адам
Қарсы – 0.
Қалыс қалғандар – 0.
Жиналыс шешімі:
- Ойыл ауылындағы Тәуелсіздіктің-20 жылдығы көшесі,Тәуелсіздік атауы беру ұсынылсын.
- Осы ұсыныс облыстық ономастика комиссиясының қарауына жіберілсін.
Жиналыс төрағасы: С.Қойбағаров
Жиналыс хатшысы: К.Саттибаев
6
19 сәуір 2021 00:00
19 сәуір 2021