Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 457 Кеме жүргізушілерін шағын көлемді кемені басқару құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес өздігінен жүретін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік беру мемлекеттік қызметі - тегін көрсетіледі.
Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жарнама орналастыруға келісім алу үшін құжаттар тізбесі халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру қағидаларын бекіту туралы № 2 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №371 бұйрығымен айқындалады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) құжаттың электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері:
"Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Жолаушыларды автобустармен тұрақты емес тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін құжаттар тізбесі "жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы №5 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 318 бұйрығымен айқындалады, халықаралық қатынаста шағын автобустармен".
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Көрсетілетін қызметті алушы (не Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкілі)жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
лицензия алу үшін ЗТ өтініші немесе лицензия алу үшін ЖТ өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
лицензияны қайта ресімдеу үшін және (немесе) лицензияға қосымшаның:
лицензияны қайта ресімдеу үшін ЗТ өтініші немесе лицензияны қайта ресімдеу үшін ЖТ өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
лицензияның телнұсқасын алу үшін және (немесе) лицензияға қосымшаның:
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмелерін жасайды, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
2) порталға:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:
электрондық құжат нысанында сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған;
ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
лицензияны қайта ресімдеу үшін және (немесе) лицензияға қосымшаның:
электрондық құжат нысанында сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған;
лицензияның телнұсқасын алу үшін және (немесе) лицензияға қосымшаның:
электрондық құжат нысанында сұрау салу көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған.
Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы";
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz, www.elicense.kz.