Жиі қойылатын сұрақтар
Мемлекеттік тіл – көрнекі ақпарат саласында басқарма тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Көрнекі ақпараттардың сапасын арттыру мақсатында «Атамекен» Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
«Сауатты жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауы мен «Тіл тазалығын сақтаймыз!» атты акциялар өткізілді.
Электронды пошта, «Жас Отан», қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәрежесі 71,1 %-ды құрады.
Атау беру ісінде Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 тіл туралы заңының 25-5-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулылары негізге алынып, жүзеге асырылады.