Жиі қойылатын сұрақтар

Жауап: Облыс орталығында мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған Клуб жұмыс істейді, онда спортшылар саны - 916 адамды құрайды (оның 36 ҚР спорт шеберлері, Шахан Жолдаспаев ҚР халықаралық деңгейдегі спорт шебері атағына ие), бұл Клуб облыстың барлық аудандарында жұмыс жасайды, спортшылар облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндігі бар.

Клубта спортшылар спорттың 23 түрі бойынша тегін спортпен шұғылданады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының құрамына облыстан мүмкіндігі шектеулі 32 адам қабылданды және олардың барлығы облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес ай сайынғы ақшалай төлем (стипендия) алады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда, ЖСҚ сараптамасының оң қорытындысы алынып, ағымдағы жылға 1,0 млрд.теңге көлемінді қаражат бөлінді.

Сонымен қатар, жан басына шаққандағы қаржыландыру (подушевое финансирование) және балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында, оның ішінде басым бөлігі мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыру ережелері бойынша қабылданған шараларға сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін облыс бойынша барлығы 323,4 млн.теңге сомасында қаражат бөлу жоспарлануда.

Бұл ретте спорттың 20 түрі бойынша қосымша 259 секция, оның ішінде дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін спорттың 4 түрі ашылатын болады. Балаларды жалпы қамту 3636 адамды құрайды.