Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Аудан тұрғындарына медициналық көмекті 55 керуеттік аурухана-емханасымен, 6 дәрігерлік амбулатория және 7 медициналық пункт қызмет  көрсетеді.

Қазіргі таңда, ауданда 160 медициналық қызметкер жұмыс жасайды, оның - 44 дәрігері болса, 116 орта буын медицина қызметкерлері.

10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамту – 30,2%, орта буын мед.қызметкерлері 10 мың тұрғынға шаққанда  қамтамасыз етілу -  79,7 % құрайды.

Жыл басынан аудандық аурухана 7 жас маманмен толықты:  2 жалпы тәжірибе дәрігерлері, офтальмолог, невропатолог, акушер-гинеколог, хирург және психиатр-нарколог.

1)Амбулаторлық-поликлиникалық көмек үшін 93894 қабылдау болған;

2) жедел жәрдем бөлімімен 1490 көмек көрсетілді;

3) туу көрсеткіші 104 бала (2023 ж – 180 бала, 2024 ж – 153 бала);

4) өлім саны 78 адам (2023 жылы –110 адам, 2024 ж – 121 адам);

5) табиғи өсім +2,6(2023 жылы +4,6, 2024 ж +2,1 адам);

6) 1 жасқа дейінгі балалар өлімі - тіркелген жоқ (2023 жылы – 2 жағдай, 2024 ж –1 жағдай);

7) туберкулезбен шалдығу 100,0 мың тұрғынға 20,5 адам (3 адам) (2023 жылы – 4 адам, 2024 ж – 5 адам);

8) аналар өлімі тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау саласын бұдан әрі дамытуға биыл   32,8 млн. теңге. қаражат бөлінді, оның ішінде:

-  11,8 млн.теңгеге 1 Хавал автокөлігі сатып алынды;

-  20,9 млн.теңгеге материалдық техникалық базаны нығайту (Автоклав, Дефибриллятор и Комплекс аппаратно-программный суточного мониторирования ЭКГ и АД" Холтеровский анализ""  и ЭКГ).

Жаңалықтар

Барлық жаңалық