«Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ ұйымдастыру-құқықтық және қаржы жұмысы бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалыс кезеңіне 30.05.2023 жылға дейін), санаты D-O-3, №ООПИФР-1, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру (ҚР еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша);

еңбек, еңбекті қорғау туралы заңнама мәселелері бойынша кеңес беру;

еңбек қатынастары бойынша соттарда, прокуратура органдарында, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде басқарманың мүдделерін білдіру.

басқарма қызметкерлерін құқықтық оқытуды жүргізу; қолданыстағы заңнама және ондағы өзгерістер туралы хабардар ету, мекеменің лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілермен таныстыру.;

мемлекеттік еңбек инспекторларына ұйымдастырушылық-құқықтық және басқа да құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру.

ҚР заңнамалық актілерінің, ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулылары мен бұйрықтарының және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің, Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы бойынша басқарма бұйрықтарының, алқа шешімдерінің, Басқарма басшылығының уақтылы орындалуын ұйымдастырады.

басқарма басшылығы өз құзыреті шегінде жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізу;

Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде шаралар қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар ету;

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;

Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтау, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беру;

еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу;

еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеуге және қабылдауға қатысу;

Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

(Блок В)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 19.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.11.2021 – 30.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

03.12.2021

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.