📢 ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРГЕ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!

Жұмыс берушілер әрбір қызметкерді еңбек қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға тиіс.
❗ Міндетті сақтандыру шарты болмаған жағдайда, өндірісте жазатайым оқиға орын алса, тиісті төлемдер жұмыс берушінің есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар, заңнамада әкімшілік жауаптылық көзделген.
✅ Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау үшін міндетті сақтандыру талаптарын сақтаңыз!
📍 Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарын сақтау – әрбір жұмыс берушінің міндеті.