Бөлім басшысы А. Б. Бахатовтың облыстық "Аqtobe" ТВ "Ақпараттық сағат" айдарындағы сұхбаты


Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына сәйкес ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістердің негізгі ережелерін түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Осылайша, 2020 жылғы 5 қазанда бөлім басшысы А. Б. Бахатов облыстық "Аqtobe" ТВ "Ақпараттық сағат" айдарында сөз сөйледі, оған қалалық соттың судьялары, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің өкілдері, сондай-ақ қалалық мәслихат хатшысы қатысты.
Бағдарламада коронавирустың құлдырауы кезінде туындаған еңбек қатынастарының проблемалары да айтылды. Атап айтқанда, көрермендерді негізінен жалақыны уақтылы және толық төлеуге, штаттық лауазымдарды қысқарту кезіндегі талаптарға, әлеуметтік кепілдіктерге қатысты мәселелер алаңдатты. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.
05 қазан 2020
Сұхбат