Артқа

Қуантайұлы Қайрат

"Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы" ММ басшысы

Жалпы ақпарат, білімі

Қайрат Қуантайұлы 1983 жылы 13 сәуірде Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2004 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Экономика» мамандығы бойынша, ал 2018 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.


Мансап

Еңбек жолын 2004 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің экономика және басқару кафедрасының оқытушысы болып бастаған. 

2005-2006 жж. - С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетініңэкономика және басқару кафедра меңгерушісінің орынбасары.

2006-2007 жж. - «Ақтөбе облысының жұмылдыру дайындығы азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алудыжәне жоюды ұйымдастыру басқармасы» ММ жұмылдыру дайындағы бөлімнің жетекші маманы.

2007-2009 жж. - «Ақтөбе облысының қаржы Департаменті» ММ коммуналдық меншікті басқару бөлімінің бас маманы.

2009-2010 жж. - «Батыс Регион Транс Сервис» ЖШС директорының орынбасары.

2010-2011 жж. - «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ коммуналдық меншікті басқару секторының бас маманы.

2011-2012 жж. - «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ талдау және әдіснама бөлімінің басшысы.

2012-2014 жж. - «Локомотив» АҚ қазынашылық бөлімінің бас маманы.

2014-2015 жж. - «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы.

2015-2016 жж. - «Ақбұлақ» АҚ жоспарлау-экономика бөлімінің бас маманы.

2016-2017 жж. - Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының 2 санаттағы сарапшысы.

2017-2018 жж. - Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының 1 санаттағы сарапшысы.

2018-2019 жж. - «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысының орынбасары.

2019-2021 жж. - «Ақтөбе қаласының мемлекеттік сатып алулар бөлімі» ММ басшысы.

2021-2023 жж. - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімінің орынбасары.

2023-2026 жж. - Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары.

2026 жылы қазан айынан бастап - «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ басшысы.

Жұмыс бағыттары

Жаңарту күні: