Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» бұйрығынығ 3 қосымшасына сәйкес тапсырыс берушінің ЭЦҚ-мен elicense.kz сайты арқылы.
"Лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығына сәйкес штатта кемінде бір аттестатталған инженер-техник қызметкер, кемінде бір жыл мерзімге меншік немесе жалға алу құқығында (құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеумен) өндірістік базаның болуы, ең төменгі материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы қажет. Мемлекеттік баж 10 АЕК құрайды.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы"ҚР Заңының 11-тарауына сәйкес.Тапсырыс берушi салынған объектiнi пайдалануға қабылдау мен берудi бекiтiлген жобаға сәйкес ол толық әзiр болған және сәйкестiк туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекiтiлген жобаға сәйкестiгi туралы қорытындылар болған кезде жүргiзедi. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне сәйкестiк туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негiзiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.