"Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылдың 12 айы бойынша есебі

"Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" ММ

2024 жылдың есебі

 

«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ-сімен сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

  1. Жобалау қызметтеріне лицензия беру;
  2. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;
  3. Іздестіру жұмыстарына лицензия беру;
  4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу;
  5. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, сарапшыларды аттестациялау.

2024 жылғы 12 айы бойынша Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында лицензия алуға, қосымша жұмыс түрлерін/кіші түрлерін қосуға және қайта ресімдеуге қатысты барлығы 178 өтініш түсті. Оның ішінде:

Құрылыс-монтаж жұмыстарына – 9;

Жобалау қызметіне – 4;

Іздестіру қызметіне –0  лицензия берілді.

Қосымша жұмыс түрлерін/кіші түрлерін қосу – 2;

Қайта рәсімделгендер саны – 146.

Біліктілік талаптарына сондай-ақ, мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес келмегені үшін бас тартылғандар саны – 17;

Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, сарапшыларды аттестациялау бойынша – 175 арыз түсті. Жалпы 54 аттестат берілді. Оның ішінде:

Техникалық қадағалау жүргізуге –42;

 Авторлық қадағалау жүргізуге –5;

Экспертиза жасауға - 7;

Ғимараттар мен құрылыстардың сеніміділігі мен орнықтылығын техникалық тексеруге– 0 .

Біліктілік талаптарына сәйкес келмегені және тестілеуден өтпегені үшін 114 өтініштен бас тартылды.

Қайта рәсімделді – 7.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу 2 куәлік берілді.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 355.

 

2024 жылда мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында басқарма қызметкерлері  4-8 қараша аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» және 2-6 желтоқсан аралығында «Мемлекеттік қызметшінің заманауи менеджменті» тақырыптарында оқытудан өтті.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдар болған жоқ.

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

04 наурыз 2025 17:22

Жаңарту күні

04 наурыз 2025

Түрі