Отарбаев Әсет Болатұлы
«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ басшысы
Жалпы ақпарат, білімі
1986 жылғы 20 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 2012 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – қаржы.
Мансап
Еңбек жолын 2006 жылы «Уни-Кос» ЖШС сату бөлімінің менеджері болып бастаған.
2006 – 2007 жж. - Ақтөбе қаласындағы «Каспий Банк» АҚ «Көк жар» филиалы Фронт-офисінің тұтынушылық кредиттеу бөлімінің маманы, тұтынушылық несиелендіру бөлімінің жетекші маманы.
2007 – 2010 жж. - «Уни-Кос» ЖШС сату бөлімінің басшысы, директоры.
2010 – 2016 жж. - «Unicos Gold» ЖШС директоры.
2016 – 2018 жж. - «Интеграл Ақтөбе» ЖШС коммерциялық директоры.
2019 ж. - «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС Ішкі бақылау департаментінің менеджері.
2019 – 2020 жж. - «ҚАЗҒЫЛЫМ» ғылыми орталығы» ЖШС жоба менеджері, коммерциялық директоры.
2021 ж. сәуір айынан бастап - Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы.