Жиі қойылатын сұрақтар

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:

медициналық авиацияны қоса алғанда, Жедел медициналық көмек;
инфекциялық аурулар ошақтарындағы диагностиканы, емдеуді, профилактикалық қарап-тексерулерді, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қоса алғанда, алғашқы медициналық-санитариялық көмек;
АИТВ-инфекциясының және туберкулездің профилактикасын және диагностикасын қоса алғанда, амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек, Шұғыл жағдайларда көрсетілетін қызметтер, әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулар кезінде диагностика және емдеу;
әлеуметтік мәні бар және созылмалы аурулар кезінде емдеуді қоса алғанда, стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек; үйдегі стационар қызметтері;
айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық, паразиттік ауруларды емдеуді және оларға күдіктенуді қоса алғанда, стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек;
қарсы профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың және амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмектің тізбесіне сәйкес МСАК-тың жедел және мамандандырылған көмегін көрсету кезінде медициналық бұйымдарды, иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды қоса алғанда, дәрілік заттармен қамтамасыз ету.