Қосымша білім беру

Қосымша білім беру жүйесі 74 (45 білім беру жүйесі, 29 спорт жүйесі) қосымша білім беру мекемелерінен тұрады (74 мемлекеттік).

Қосымша білім берумен, үйірме және секциялық жұмыспен қамту – 56198 оқушы (38143 білім беру жүйесі, 18055 спорт жүйесі. Оқушылардың жалпы санынан 35%).

  Қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау мемлекеттік қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы арқылы Ақтөбе қаласындағы 15 ұйым бойынша ішінара электрондық түрде «eaktobe.kz» жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесі 1 қыркүйектен, ал үйірме қызметі -15 қыркүйектен басталды.

Қосымша білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтер ақылы және тегін көрсетіледі.

Білім алушылардың келесідей санаттарына жеңілдік енгізілді: жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар. Ақылы қосымша білім беру құны 500-ден 10000 теңгеге дейінгі деңгейде.

Жарияланған күні

18 қараша 2020

Жаңарту күні

18 қараша 2020

Қызмет бағыты