Жиі қойылатын сұрақтар
Әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. 70%-дық жеңілдікті 921 тәрбиеленушінің ата-анасы қолданып отыр. Жалпы облыс бойынша аталған санаттағы балалардың тамақтануына жергілік бюджеттен 95,0 млн. теңге қарастырылған.
ӘКК алатындардың тізіміне қарай жеңілдік алатындардың саны өзгеріп отырады. Ол үшін МДҰ әкімшілігіне хабарласу қажет.
2021-2022 оқу жылына жергілікті бюджет есебінен 3666, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1085 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылады (барлығы 4751 орын).
Ақтөбе облысы абитуренттерді іріктеу, қабылдаудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін «SmartNation» бірыңғай порталын таңдады. 20 маусымнан бастап колледждерге құжаттар қабылданып жатыр. Құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады. Биылғы ерекшілік – қабылдау емтихандары өткізілмейді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және денсаулық жағдайы туралы медециналық анықтамаларды алуда туындаған қиындықтарға байланысты Білім және ғылым министрі білім беру ұйымдарына (балабақшаларға, мектептерге, колледждер мен жоғары оқу орындарына) құжаттарды медициналық анықтамаларсыз қабылдауға уақытша рұқсат беру туралы бұйрық қойылды. Қазір білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимінде жүзеге асырылып жатыр.
Бүгінде, облыстағы 689 мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлығы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген, 100% жылы дәретханалармен жабдықталған.
38 мектеп полиция органдарының жедел басқару Орталығына қосылған және бұл тек алғашқы қадам ғана. Ары қарай күзет дабылын қосу, мамандандырылған күзет енгізу бағытында шаралар қабылдануда.
Облыста педагогтерді дамыту мен қолдаудың барлық шаралары алынып, олардың өз саласындағы жетістіктері жеке көтермеленді. Мысалы, "Үздік педагог" конкурсының республикалық кезеңінің жеңімпаздары (4 жеңімпаз: 3-мектеп, 1-колледж педагогі) 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде марапат алды, тиісті марапаттар өңірлік деңгейде де қарастырылды (3 педагог – 300 АЕК).
Облыстың білім беру қызметкерлеріне жергілікті ерекшелік белгісі, атап айтқанда, «Ақтөбе облысының үздік педагогі» төсбелгісі (1 педагог - 500 АЕК), «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» құрметті атағы (3 педагог – 300 АЕК), біржолғы сыйақы төлемдері тағайындалды.
Барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, өзімізді қалай ұстайтынымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігіне вакцина еге алсақ, егер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, қыркүйектен бастап барлық білім беру мекемелерін, бірінші кезекте мектептерді аша аламыз деп ойлаймын
Бүгінгі күнге, облыс бойынша 9 үш ауысымды мектеп бар, соның 7-і Ақтөбе қаласында орналасқан.
Ағымдағы жылы облыс бойынша 20 мектеп құрылыс жүзеге асырылуда, соның ішінде 7 жоба үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған.
Жаңа тұрғын үй құрылыстары есебінен «Нұр-Ақтөбе», «Батыс» тұрғын үй массивтерінде халық саны айтарлықтай өсіп отыр. Бұл, өз кезегінде осы аудандарда орналасқан мектептердегі оқушы орнының тапшылығын тудыруда.
Орын алған мәселені шешуге бағытталған «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй массивінің 4-шағын ауданында 900 орындық 1 мектеп және «Батыс» тұрғын үй массивінде жеке инвестор есебінен 1 мектеп құрылысы жүргізілуде.
Ағымдағы жылы 32 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттен 2,4 млрд.теңге бөлінді.
Оның ішінде бүгінгі таңда 19 жоба бойынша жұмыстар басталды. 13 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 137 шеберхана, 224 зертхана, 20 оқу полигондары, 4 оқу шаруашылығы, 4 автодром жұмыс жасайды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының материалдық базасын жаңарту «Жас маман» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
2020 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 5 колледжінің (Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Хромтау тау-кен техникалық колледжі, Ақтөбе Құрылыс және бизнес колледжі және Ақтөбе автомобиль-жол колледжі) материалдық-техникалық базасы заманауи жабдықтармен жаңартылды.
2021 жылы тағы 5 колледжде (Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық, Ақтөбе байланыс және электротехника, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару, Ақтөбе сервис және Ойыл аграрлық колледжі) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер өткізіледі.
Сондай-ақ, бүгінгі күні "Жер қойнауын пайдалану туралы" Заңға сәйкес 814 млн.теңге сомасына колледждердің материалдық-техникалық базасын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын қайта бөлу мүмкіндігі туралы мәселе шешілуде.
«Батыс-2» ауданында «Нұрзерек», «Айлин», «Бопай» жеке балабақшалары жұмыс жасайды. Жеке балабақшаларда мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. 280 орындық жеке балабақшаның құрылысы жүргізілуде.
«Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында 320 орындық балабақша құрылысы жүріп жатыр.
Облыста 3-6 жас аралығында 2582 ерекше бала тіркелген. Мектепке дейінгі мекемелерде 1753 ерекше бала білім мен тәрбие алады. Дегенмен облыс бойынша 829 бала қамтылмаған. Арнайы балабақшаларға кезекке тіркелген балалардың санын азайту үшін осы оқу жылында балабақшаларда 6 арнайы топ ашылып, 72 ерекше бала қамтылатын болады. Сонымен бірге, алдағы уақытта Ақтөбе қаласының «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында 25 топтық арнайы балабақша ашу жоспарланып отыр.