Жиі қойылатын сұрақтар
Тұрғын үй кезегіне тұрудың екі әдісі бар
1. Құжаттарды жинап, халыққа қызмет көрсету орталығына бару арқылы.
2. Онлайн - Электрондық үкіметтің веб-сайты: egov.kz арқылы, ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет.
Гранттар ұсынуға конкурстық іріктеудің қатысушылары шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, "БЖК 2025" бағдарламасы шеңберінде экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған халықтың әлеуметтік осал топтары бола алады.
Бұл бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласының және мал дәрігері маманы ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бағдарламаға қатыса алады. Сондай-ақ, кем дегенде 3 жыл ауылда тұруы тиіс. Сол елді мекенде өз атында пәтері не жеке үйі болмауы керек. Жобаға сонда ғана қатысуына болады.
Зейнеткерлер мемлекеттік грантқа қатыса алмайды.
Мемлекеттік грантты екінші мәрте ала-алмайсыз.
Бизнес жоспары, кепілдеме болу керек және банк ұсынған құжаттарды жинақтап банкке тапсыру қажет.
Атаулы әлеуметтік көмекке қандай да бір алдыңғы табыс көзі есепке алынады, қазіргі уақытта ең төмен күнкөріс деңгейі 3-тоқсанда 23 282 теңгені құрайды.
egov.kz порталы арқылы электронды цифрлық қолтаңбаңызды қоя отырып тапсыра аласыз
Жұмыспен қамту орталығы 35% бюджеттен субсидия ретінде төлейтін болғандықтан зейнетақыны жұмыс беруші төлейді.
Электрндық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы «egov» порталына жұмыс іздеуші ретинде тіркелу қажет, тіркелгеннен соң 3 жұмыс күннен кейін жұмыссыз мәртебесі беріледі және ақылы қоғамдық жұмысқа жолдама беріледі