Жиі қойылатын сұрақтар

Жоба аясында 1986 жылдан 2021 жылға дейін жергілікті атқарушы органда есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғын үйге мұқтаж ретінде жеңілдетілген несиеге үміткер бола алады. Жылдық 5% - бен қарыз алу үшін Бағдарламаға қатысушылар ЖАО-да кезекте тұруы қажет, өзінің тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде шотында қарыз сомасының 10% - ы мөлшерінде ең төменгі бастапқы жарнасы болуы тиіс. Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін. Қарыздың ең жоғарғы сомасы 15 млн.теңге.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

2) отбасының әрбір мүшесіне соңғы 6 (алты) ай үшін еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды есепке алмағанда) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріне дейін табыстың болуы;

3) төлем қабілеттілігін растау;

4) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін және тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қойылғанын растау болып табылады.

Осы бағдарлама бойынша тұрғын үйді бастапқы нарықта ғана сатып алуға болады: ЖАО-ның "5-10-20" жобасы бойынша салынып жатқан кредиттік тұрғын үйін, сондай-ақ жеке құрылыс салушылардан (оның ішінде "тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры"АҚ кепілдігі болған жағдайда үлестік қатысу туралы шарт бойынша).

Аталған бағдарлама Банк арқылы жүзеге асырылатын болғандықтан, толық ақпарат алу үшін Ә.Молдағұлова даңғылы, 46 "Б" үй мекен-жайы бойынша орналасқан Банкке жүгінуге кеңес береміз.

Өз кезегінде, тұрғын үй алу процесі барысында Банк және кезектегі азаматтар арасындағы қарым - қатынастарға Ақтөбе қаласының әкімдігі араласпайды.