Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының жолаушы көлігі мәселелері жөніндегі орынбасары, А функционалдық блогы, (Р-3)
Шығыс Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Сәулет және құрылыс
- Көлік қызметтері
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Әлемдік экономика
- Механика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басшы болмаған кезде оның орнын ауыстырады. Ол өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда, әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда және азаматтармен жұмыс кезінде басшылықты білдіреді. Басшыға автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін жетілдіру және дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Жолаушыларды тұрақты тасымалдауды ұйымдастыруға қатысады. Автобустар мен шағын автобустардың белгіленген қозғалыс кестесінің сақталуын қадағалайды. Облысішілік және қала маңы қатынасында жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды дамыту бағдарламасын, жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын әзірлеуге қатысады. Тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімді әзірлеуге қатысады. Жолаушылар көлігін дамыту бағдарламаларына мониторинг, болжау, әзірлеу жүргізеді. Тасымалдаушылардың шығындарын жергілікті бюджеттен субсидиялау көлемі бойынша ұсыныстар дайындауға, жолаушылар көлігі саласында тариф белгілеуге талдау жүргізуге қатысады. Жетекшілік ететін салаға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың, ұлттық жобалардың, жобалық кеңселердің, басқа да бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Автомобиль және ішкі су көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылауды жүзеге асырады. Жолаушылар көлігі бөліміне жалпы басшылықты жүзеге асырады, сондай-ақ бөлімнің қызметін жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және ұйымдастырады, оның құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды. Жолаушылар көлігі саласындағы Басқарманың қызметіне жетекшілік етеді. «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Ахуалдық орталығы» ақпараттық жүйесіне мәліметтердің сапалы және уақтылы енгізілуін қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады. Басқарманың бухгалтерлік есебі пен бюджеттік жоспарлауына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Басқармада тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бақылауды жүзеге асырады. Басқарманың заң жұмысына басшылықты жүзеге асырады. Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (№4 үлгілік базалық бағыты). Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, басқарма басшысының өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтары мен өкімдерін іске асыру және олардың орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Басқарманың ақпараттық қауіпсіздік саясатының талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті сақтайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.magauyanova@akimvko.gov.kz
- 08.07.2026
- «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
71-31-38