Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары, E-1 санаты (1 бірлік), (00-1), А функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

593751

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика және статистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Аудан әкімі болмаған кезде оның міндетін атқарады. Бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету мәселелері. Нарықтық құрылымдардағы экономикалық байланыстарды үйлестіру. Инвестиция тарту, ауданның сыртқы экономикалық мәселелерін үйлестіру, кәсіпорындардың төлем қабілеттілігінің төмендеуі мен қаржылық мәселелеріне талдау жасау. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы негізінде аудан бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерімен шұғылданады. Бюджеттік мекемелердегі тендерлік комиссиялардың жұмысында заңдылықтың сақталуына басшылық жасау. Облыс аудандарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауға арналған рейтингілік жүйедегі экономикалық көрсеткіштердің сапалы әзірленуіне басшылық ету. Экономиканы дамыту, ауылдық округтердің әлеуметтік экономикалық дамуын рейтингілік жүйемен бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына басшылық жасау. Экономикалық кеңестің қызметін және бюджет берешектерін төмендету жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыстарын басқару. Аудандық экономика және қаржы бөлімі, аудандық кірістер, қазынашылық, статистика басқармаларының және екінші деңгейлі банктердің жұмыстарын үйлестіру. Аграрлық-өнеркәсіптік кешеніндегі барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдардың жұмысын үйлестіру. Ауыл шаруашылығымен шағын және орта бизнес салаларындағы маркетингілік қызметті ұйымдастыру, екінші деңгейдегі банктер арқылы несие қаржы беру мәселелері, инвестициялық жобалар мен бизнес жоспарларды сараптамалардан өткізу. Өнім өңдеу, ұқсату мәселелері. Қазақстан Республикасының «Шаруа қожалығы туралы», «Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары туралы» Заңдардың талаптарын басшылыққа алу. Тұрғындардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылық саласын дамыту, өнім өндеу өндірісі жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру. Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын және сапалы ет өнімін өндірушілерді мемлекет тарапынан қаржылық қолдау (субсидиялау) жұмыстарына басшылық жасау, қадағалау және ұйымдастыру. Мал дәрігерлік профилактикалық шаралардың, өсімдік зиянкестеріне қарсы күрес бағдарламаларының орындалуын қадағалау. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Өсімдіктер карантині туралы», «Өсімдікті қорғау туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдары негізінде жұмыстар ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы, кадастр бюросы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары бөлімдері мен ветеринариялық лаборатория, аудандық мемлекеттік кірістер, қазынашылық, статистика басқармаларының және екінші деңгейлі банктердің, «Фитосанитария» болжамдар орталығының қызметін үйлестіру, олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету және қаржылық мәселелерін шешу. Жәрмеңкелердің өтуін ұйымдастыру. Жер пайдалану, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін материалдық- техникалық, қаржылық қолдау, агроөнеркәсіп кешенінде кластер құру, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығындағы өнімдердің сапасын әлемдік стандартқа сәйкестендіру жөніндегі, инфляциялық процестерді бақылау жөніндегі комиссиялардың жұмысына басшылық жасау. Балық шаруашылығы, оны дамытудың перспективалық мәселелері. Жер қатынастарын реттеу. Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі» талаптарының сақталуына бақылау жасау. Су шаруашылығы, орман және аң шаруашылығы мәселелері. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы мен Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы негізінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесін басқару. Қоршаған ортаны қорғау, экология мәселелері. Табиғи монополия мен бәсекелестікті қорғау мәселелерін қадағалау. Жетекшілік ететін салалар бойынша: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуының; мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуының; аудан рейтингісінің және ауылдық округ әкімдерінің рейтингісі көрсеткіштерінің; облыстық, сондай-ақ аудандық деңгейлерде жүргізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің сапасы мен толықтығын бақылауды қамтамасыз етеді. Аудандық әкімдік қабылдаған қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салаларда мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай-ақ аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және ұйымдастыру-өкімгершілік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуына дербес жауапты болады. Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша аудандық әкімдіктің қызметін үйлестіреді. Сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарты (ИСО-9001) талаптарын орындау. Жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдаулар жүргізеді. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үйлестіру. Өзіне бекітілген ауылдық округтері әкімдерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады. Нормативтік құқықтық актілердің аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру, оларды талдау және мониторингін жүргізуді қамтамасыз етеді. Облыс әкімінің шешімдері, өкімдері, басқарма басшысының бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мәслихат шешімдерінің және аудан әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Президенттің нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жүргізу. Әзірлеуші мемлекеттік орган ретінде нормативтік құқықтық актілердің Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізілуіне жауапты.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.06.2026 – 22.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

24.06.2026

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7232) 71-31-36