Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімінің орынбасары, E-1 (1 бірлік), (Р-4 коды), функционалдық блогы-А
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
593751
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Өнер
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік жұмыс
- Мәдени-тынығу жұмысы
Функционалды міндеттер
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінің қызметін үйлестіреді.
Қамтамасыз етеді:
- Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауының, облыс әкімі мен әкімдігінің жетекшілік ететін салалар бойынша тапсырмаларының сапасы мен толықтығын, жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуын, жетекшілік ететін салалар бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін бақылау;
- жетекшілік ететін мәселелер бойынша қала мен облыстың мемлекеттік ұйымдарымен және кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасау;
- өскелең ұрпаққа білім беру және тәрбиелеу, әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт, халықтың эпидемиологиялық салауаттылығы, ішкі саясат мәселелерін іске асыру;
Жүзеге асырады:
- бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық және саяси ұйымдармен және діни бірлестіктермен өзара байланыс;
жетекшілік ететін мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Жұмысты ұйымдастырады:
- әлеуметтік-саяси және қоғамдық процестерді мониторингілеу және талдау бойынша;
- халықты ақпараттық қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, жастар саясатын дамыту бойынша;
- жетекшілік ететін мәселелер бойынша комиссиялар.
- мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын жүзеге асыру бойынша
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің, жетекшілік ететін бөлімдердің сапасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді.
Әкімдіктің қабылданатын қаулыларының, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салалардағы қолданыстағы заңнамаға және мемлекет саясатына сәйкестігі, сондай-ақ қала әкімінің тапсырмаларының және ұйымдастырушылық-өкімдік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуы үшін дербес жауапты болады.
Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен ауызша өтініштерін қарайды. Жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауларын жүргізеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жаза қолданады.
Ведомстволармен және экстремистік бағыттың дәстүрлі емес ағымдарын ұстанатын адамдармен тікелей байланыста болады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.merekenova@akimvko.gov.kz
- 01.06.2026
- город Усть-Каменогорск, улица М.Горького, 40, кабинет 509
-
8(7232) 71-31-39