Шығыс Қазақстан облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 1 бірлік, коды (№Р-1), А функционалдық блогы

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс
  • Көлік қызметтері
  • Механика

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік реттеуді, жалпы қолданыстағы  автомобиль жолдары саласындағы, жол саласын реттеу және басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіреді. «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жоспарының, инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының, Шығыс Қазақстан облысының даму жоспарының,  және жетекшілік ететін салаға қатысты жобалық кеңселердің, басқа да бағдарламалар мен жобалардың, іске асырылуын қамтамасыз етеді. Шығыс Қазақстан облысының жобалық басқару регламентіне сәйкес жобалық басқару бойынша жұмысты жүргізеді. Басқарманың штаттық кестесін бекітеді. Заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады. Заңнамамен бекітілген тәртіпте басқарма қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тартады және көтермелейді. Мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда басқарманы ұсынады, сенімхатсыз басқарма атынан іс-әрекет етеді және сенімхаттар береді. Басқарма бөлімдері туралы ережелерді бекітеді.  Басқарма актілеріне қол қояды, басқарманың барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар мен тапсырмалар береді. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға міндетті, және жеке жауапкершілікте. Өз құзіреті шеңберінде бюджет қаражатын игеруге жауапты. Олардың тәжірибесіне қабілетіне және кәсіби даярлығына сәйкес ерлер мен әйелдерге мемлекеттік қызметке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да қызметтер атқарады.         

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.05.2026 – 18.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

20.05.2026

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

71-31-38