Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты өңірлік даму және бақылау бөлімінің бас инспекторы, D-3 санаты, 1 бірлік, А функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар
  • Математика және статистика
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Сәулет және құрылыс
  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Орман шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Агроинженерия
  • Ветеринария
  • Денсаулық сақтау
  • Қызмет көрсету саласы
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Педагогика және психология
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Әлеуметтік жұмыс

Функционалды міндеттер

Өз жұмысын «Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының аумақтық мониторинг бөлімінің бас инспекторы жұмысын ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» аппарат басшысының 2014 жылғы 14 шілдедегі № 198 бұйрығына сәйкес ұйымдастырады.Бөлімнің жұмыс жоспарын құрастыруға қатысады. Облыс аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімінің, аппарат басшысының қатысуымен өтетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.   Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімінің қатысумен өтетін іс-шараларға байланысты ұйымдастыру мәселелерін шешуге, қажетті құжаттарды дайындауға қатысады. Облыс әкімінің қадағалайтын қалаларға, аудандарға жұмыс сапарларын ұйымдастыруға қатысады.  Облыс, қалалар және аудандар әкімдерінің халықпен кездесуі кезінде түскен сынды ұсыныстар мен өтініштердің орындалу барысын бақылауға алады, ол жөнінде ақпарат дайындайды. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі мен әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру жолындағы облыстың мемлекеттік органдарының, қалалардың және аудандардың әкімдері қызметін үйлестіреді (қадағалайды).  Сайлаушылар тізімін қалыптастыру жөніндегі «Жеке тұлғаларды есепке алу» ақпараттық жүйе техникалық сүйемелдеу жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп облыс әкіміне, аппарат басшысына облыс дамуының, қадағалайтын өңірлерінің көкейкесті мәселелері  бойынша талдамалық ақпараттар дайындайды.  Қаланың/ауданның жыл сайынғы әлеуметтік-экономикалық даму паспортын әзірлеуге көмек көрсетеді. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша қажетті құжаттарды жинауды және дайындауды жүзеге асырады. Сайлауға дайындықты және өткізуді ұйымдастырады, сайлаушылар тізімін тоқсан сайынғы салыстыруды жүргізеді, «Жеке тұлғаларды есепке алу» базасымен жұмыс істейді, орталық сайлау комиссиясы, облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен және облыстық мәслихатпен бірлескен жұмыстар атқарады. Сайлау науқандарына, референдумдарға дайындықты ұйымдастырады. Орталық сайлау және облыстық аумақтық комиссиялармен іс-әрекетті қамтамасыз етеді. Қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының қызметіне тұрақты түрде кешендік тексерулер ұйымдастырып, өткізеді, қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді.     Қалалар мен аудандар әкімдерінің аппараттарына ұйымдастыру жұмысы мәселелері бойынша әдістемелік және іс-тәжірибелік көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберінде аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының қызметіне қатысты, әкімшілік-аумақтық орналастыру мәселелері, сайлау және бөлім құзыретіне жатқызылған (тыңдау хаттамаларын, алдын ала шешімдерді, хабарламаларды өз бетінше жүргізу, әкімшілік шешімдерді дайындау және т. б.) басқа да мәселелер бойынша облыс әкімінің аппаратына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша әкімшілік рәсімдерді тікелей жүзеге асырады. Тікелей жауапты орындаушысы болып табылатын өтініштерге қатысты «e-Оtinish» ақпараттық жүйесінде электрондық ақпараттық есепке алу құжатының мәселелері мен қабылданған шешімдерінің сипатын толтырудың дұрыстығына дербес жауапты болады.  Өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппаратының басқа құрылымды бөлімшелерімен, облыстың мемлекеттік органдарымен өзара іс-әрекет жасайды.  Бөлімге қатысты істер номенклатурасының құжаттарын қалыптастыруға қатысады, құпиялық режимін сақтайды.Электрондық құжатайналымында, ақпараттық жүйелерде жұмыс істейді. Қала және аудан әкімдері аппараттарында, облыстың мемлекеттік органдарында облыс әкімінің және аппарат басшысының актілерінің және тапсырмаларының орындалуын кешенді тексеруді ұйымдастырады және қатысады. Қала және аудан әкімдерін, облыстың мемлекеттік органдары басшыларын облыс әкімінің және аппарат басшысының тапсырмаларын орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар жасайды.  Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштері, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Парламенттің, Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының, облыс мәслихатының тапсырмалары бойынша аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдері мен әкімдіктерінің қоғамдық резонанс туғызатын, жаппай сипаттағы проблемалық мәселелер, теріс үрдістер бөлігінде қызметін талдауды бөлімнің құзіреттілігі шегінде жүзеге асырады, облыс әкімінің немесе облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарларының атына талдау нәтижелерін дайындайды. Бөлім басшысы мен облыс әкімі аппараты басшылығының басқа да тапсырмаларын, оның ішінде бақылаудағы құжаттармен жұмыстарды орындайды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтап, ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес міндеттерді орындайды.Аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлау науқанына дайындықты ұйымдастырады. Ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің әкімдерінің бос орындарына мониторинг жүргізеді. Жергілікті атқарушы органдарының сайлаушылар тізімін жасау юойынша жұмысты ұйымдастырады. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Орталық сайлау комиссиясымен және облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен өзара іс-қимыл жасайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлейді, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша қажетті құжаттарды жинауды және дайындауды жүзеге асырады. Облыс аудандарының шекарасындағы қолданыстағы және жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтық бірліктерді және жеке елді мекемендерді есепке алуды жүзеге асырады, сондай-ақ оларды есепке алу деректерінен алып тастайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері бойынша қажетті құжаттарды жинақтайды және дайындайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің шеңберінде бөлім құзіреті шегінде өңірлік даму және бақылау бөлімінің барлық мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша әкімшілік рәсімдерді тікелей жүзеге асырады. Өз құзіреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды. Облыс әкімінің бас инспекторы өз қызметін жүзеге асырған кезде Ішкі еңбек тәртібінің талаптарын сақтауға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес кейбір іс-әрекеттерден бас тартуға міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.05.2026 – 12.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

14.05.2026

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

8(7232)713136