Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы, D-3 санаты, (1 бірлік), А функциональный блогы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Математика және статистика
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Орман шаруашылығы
- Балық шаруашылығы
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Агроинженерия
- Ветеринария
- Денсаулық сақтау
- Қызмет көрсету саласы
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
- Әскери іс
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Педагогика және психология
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік жұмыс
Функционалды міндеттер
Бөлім басшысының басшылық етуімен жұмыс істейді. Облыс әкімі орынбасарының қызметін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі қаулыларының, өкімдерінің және басқа да заңнамалық актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін мәселелер бойынша тапсырмаларының іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімі орынбасарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық басқармалардың, аудандық және қалалық әкімдіктердің жұмысын үйлестіреді. Облыс әкімі орынбасарының күнделікті, апталық, тоқсандық жұмыс жоспарының жобасын жасайды, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелер бойынша жетекшілік ететін облыстық басқармалардың, қалалық және аудандық әкімдіктердің жұмысын кешенді тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады. Облыс әкімі орынбасарының (жетекшілік ететін облыстық басқармаларға қатысты жоғары тұрған лауазымды тұлға ретінде) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің шеңберінде әкімшілік рәсімдерді тиісінше жүзеге асыру, жетекшілік ететін облыстық басқармалардың қызметіне қатысты облыс әкімі аппаратына келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қызметін тікелей ұйымдастырады (тыңдау хаттамаларын, алдын ала шешімдер, хабарламаларды өз бетінше жүргізу, әкімшілік шешімдер дайындау және т.б.). Қажет болған жағдайда облыс әкімі орынбасарының атына келіп түскен құжаттардың жобаларына талдау мен сараптаманы тікелей жүзеге асырады, не облыс әкімі орынбасарының келісімі бойынша түзетулер енгізеді және осындай құжаттардың жобаларын пысықтауға жібереді. Тоқсан сайын облыс әкімі орынбасарының атына барлық жетекшілік ететін мәселелер бойынша жетекшілік ететін облыстық басқармалардың, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің жұмыс сапасы, оның ішінде облыс әкімінің, әкім орынбасарының тапсырмаларын орындау сапасы, облыс әкімі орынбасарының қолы қойылған құжаттарды дайындау мәселелері бойынша талдау дайындайды. Облыс әкімінің орынбасарына ұсынылатын, сондай-ақ облыс әкімі орынбасарының қолымен жіберілетін материалдарды сапалы дайындауды тікелей ұйымдастырады. Облыс әкімі орынбасарының жанындағы кеңестерге қатысады, облыс әкімі орынбасары тапсырмаларының хаттамалық есебін жүргізеді, олардың сапалы орындалуын бақылайды. Облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғаларға орындауға міндетті тапсырмалар береді. Облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен, облыс әкімі орынбасарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі облыстық басқармалармен жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан облыс әкімінің орынбасарының қарауындағы мәселелерге қатысты құжаттар мен материалдарды сұратады. Қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады. Облыс әкімдігінің отырыстарында қарау үшін жарты жылдық мәселелер тізбесін дайындау үшін ұсыныстар енгізеді. Облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының кеңестерін өткізуді ұйымдастырады.. Облыс әкімі орынбасарының орталық және құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын ұйымдастырады, оның ішінде әкімнің атына тапсырмаларды сапасыз орындау мәселелері бойынша облыс әкімі орынбасарының қолы қойылған қажетті талдау мен қызметтік құжаттарды дайындайды. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік бойынша техникалық құжаттама талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындайды. Бұлтты құжат айналымы жүйесінде жұмыс істейді, атап айтқанда: облыс әкiмi орынбасарының қарарларын бұлтты құжат айналымы (БҚА) жүйесiне енгiзу; Дербес мемлекеттік мекеме орындаушыларының құжаттарды орындауын бақылау; Жауапты мемлекеттік мекемеден «Нөмiріне» түскен электронды құжат негізінде «Жобалар» ДҚ-да жауап құжаттардың жобаларын жасайды; атқарушы органдардың құжатты орындауынан кейiн «Орындалуы» электрондық карточкасын толтыру; облыс әкiмi орынбасары ЭЦҚ құжаттардың жобаларына қол қою; орындалған құжаттарды электрондық карточка негiзiнде бақылаудан алу. Облыс әкімінің орынбасарының, аппарат басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды. Өз қызметін жүзеге асыру барысында бас инспектор ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауға және қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуға міндетті.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a_ryspaeva@akimvko.gov.kz
- 23.04.2026
- ГУ «Аппарат акима Восточно–Казахстанской области», город Усть-Каменогорск, улица М.Горького, 40, при необходимости может быть проведено посредством дистанционных средств видеосвязи
-
8 (7232)71-31-36