Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша бөлімшенің бас маманы, D-4, 1 бірлік, B функционалдық блогы

Мемлекеттік орган

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Информатика

Функционалды міндеттер

МҚҚБ-ға жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді. Құпия жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу, құпия құжаттармен және бұйымдармен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, құпия жұмыстардың, құжаттар мен бұйымдардың барлық орындаушыларының Нұсқаулық талаптарын орындауын бақылайды. МҚҚБ-ға түскен құпия құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Құпиялылық режимін бұзушылықтарды есепке алуды және оны талдауды жүргізеді. Ұлттық қауіпсіздік органдары мен мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органға құпия құжаттар мен бұйымдардың жоғалу жағдайы туралы, сондай-ақ құпия мәліметтердің жария болуы туралы хабарлайды. Ақпараттық қауіпсіздік саясатын сақтау жөніндегі маманмен бірге шетелдік техникалық барлау құралдарына, техникалық арналар бойынша, оның ішінде есептеу техникасы құралдарын пайдалану арқылы ықтимал жасырын таралуға қарсы әрекет ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жүргізеді және үйлестіреді. Құпия мәліметтерді жария ету, мұндай мәліметтерді қамтитын құжаттар мен бұйымдарды жоғалту және құпиялылық режимін басқа да бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеулер жүргізуге қатысады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.04.2026 – 20.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

22.04.2026

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7232) 71-31-36