Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, А - функционалдық блогы, (Р-1)
Шығыс Қазақстан облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Математика және статистика
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Орман шаруашылығы
- Балық шаруашылығы
- Жерге орналастыру
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Агроинженерия
- Ветеринария
- Қызмет көрсету саласы
- Биология
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Аймақтану
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
- Жобаны басқару
- Инновациялық менеджмент
- Өсімдік шаруашылығы
Функционалды міндеттер
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің қызметін үйлестіру. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз ету, жоспарланған бюджеттік бөлінген қаржыны сапалы және тиімді пайдалану, инвестициялар тарту, ауданның сыртқы экономикалық қызметі, ауданның шаруашылық субъектілерінің қаржы жағдайларын талдау мәселелерін шешу. Мемлекеттік кіріс басқармасымен, қазынашылық басқармасымен, статистика басқармасымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясымен, аудандық екінші деңгейдегі банктер, ауыл шаруашылық құрылымдармен, шағын бизнес субъектілерімен, орман және аң шаруашылығы кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Агроөнеркәсіп кешені мен қайта өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, аудан халқының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу. Жерге орналастыру және жер пайдалану мәселелеріне жедел басшылық ету. Аудан кәсіпкерлері палатасымен өзара әрекеттестікте болу. Аудандық: ауданның кенттері мен ауылдық округтерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудың рейтингтік жүйесі жөніндегі; жерге орналастыру және жер пайдалану мәселесі жөніндегі; ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету; тәртіптік комиссияларға басшылық ету. Кәсіпкерлікті дамытуда кедергілерді жою жөніндегі; «Шағын бизнес саласындағы жылдың үздік кәсіпкерлері» байқауын өткізу жөніндегі; дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жұмыс топтарына басшылық ету. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бақылауды жүзеге асырады. ИСО 9001-2015 және ИСО 9001-2016 жаңа нұсқасы талаптарын жұмысты қолдану. Басқару бағытындағы бөлімдермен әкімдіктердің және облыс пен аудан әкімдірінің кесімдерін орындауға және олардың орындалуы бойынша облыс және аудан әкімі аппараттарының кеңсесіне ақпаратты уақытында беруге бақылау жасауды қамтамасыз ету. Өз бағыты бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің жұмысына басшылық етеді. Облыс, аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
g.magauyanova@akimvko.gov.kz
- 10.10.2025
- «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін
-
71-31-38, 71-31-37