Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары, Е-1 санаты, 1 бірлік (№05-01/02) функционалдық блок А

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

Е-1 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Сәулет және құрылыс
  • Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
  • Көлік қызметтері
  • Графика
  • Мүсін
  • Дизайн
  • Механика
  • Гидрология
  • Техникалық физика
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Гидрогеология және инженерлік геология

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың жүзеге асырылуын үйлестіру. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімдерінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіру. Энергетика, байланыс, автомобиль, өзен және авиакөлік кәсіпорындарының қызметін қамтамасыз ету, әртүрлі бағыныстағы автомобиль жолдарын жөндеу, күтіп ұстау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешенінің жұмыс істеуі, тұрғын үй саясатын іске асыру мәселелерін бақылау. Құрылыс кәсіпорындарының жұмыстарына мониторинг және бақылау  жасау, олардың қызметінің тиімділігін талдау, құрылыс өсімінің қолда бар резервтерін анықтауды ұйымдастыру. Құрылыс саласындағы халықаралық және шекара маңы ынтымақтастығы, өңірдің құрылыс өнеркәсібі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту саласындағы жобаларды іске асыру үшін инвесторларды тарту мәселелерін үйлестіру. Өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Функционалдық міндеттемелерге сәйкес өзара іс-қимылды қамтамасыз ету: өңірлік деңгейде-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменттерімен, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Табиғи монополияларды реттеу департаментімен. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссия төрағасының орынбасары болып табылады. Ауданның қысқы кезеңге дайындығы және жылыту маусымы бойы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің тұрақты жұмысы, көктемгі су тасқынына дайындық, өрт қауіпті кезеңге дайындық мәселелері бойынша аудандық штабтың қызметін үйлестіру. Функционалдық міндеттеріне сәйкес жоғары тұрған органдармен өзара ісқимылды қамтамасыз ету. Өз құзыреті шегінде жобалық басқару, цифрландыруды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Жетекшілік ететін салалар бойынша бақылауды қамтамасыз ету: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының сапалы және толық орындалуына бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумағын дамыту бағдарламаларының іске асырылуына жауапты; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының аймақішілік талдау көрсеткіштеріне; облыстық деңгейде жүргізілетін бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асыру; республикалық және облыстық деңгейлерде өткізілетін мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштеріне бақылауды жүзеге асыру. Әкімдік қабылдаған қаулылардың, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің қолданыстағы заңнамаға және жетекшілік ететін бағыттарға сәйкес салаларда мемлекет саясатына сәйкестігі үшін, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының және ұйымдастырушылық өкімдік сипаттағы өзге де құжаттардың орындалуына дербес жауапты болу. Жетекшілік ететін салалардың негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлімдер мен ауылдық әкімдіктердің жұмысын үйлестіру.  Жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.12.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.12.2024 – 05.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МВ

Сұхбаттасу күні

09.12.2024

Сұхбаттасу орны

Өскемен қ., М.Горький к., 40, ZOOM арқылы өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

713170