«Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы (ФО-1) Б функционалдық блогы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 11.02.2027 жылға дейін, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-О-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Қаржы-шаруашылық бөліміне жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ бөлімнің қызметін жетілдіру бойынша шараларды әзірлейді және ұйымдастырады;Келісімшарттарды жасасу және қаржыландыру, қажетті құжаттардың (келісімдердің, орындалу туралы анықтамалардың) түсуіне қарай жасалған шарттар бойынша төлеуге жататын міндеттемелер мен шот-фактураларды тіркеуге өтінімдерді қалыптастыру, өтініштерді растау және төлеуге жататын шот-фактураларды орналастыру жұмыстарын қамтамасыз етеді.Бюджеттік бағдарламалармен жұмыс (бағдарламалардың жобаларын әзірлеу, келісу, негіздеу, олардың орындалуын бақылау), бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын талдау және талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар енгізу.Тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептердің уақтылы ұсынылуын бақылайды.Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларын жасайды және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ оларды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.Бюджеттік өтінімдердің уақытылы берілуін қадағалайды және бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар енгізеді.Ұйымның қызметі, оның мүліктік жағдайы, кірістері мен шығыстары туралы толық және сенімді бухгалтерлік ақпараттың уақтылы ұсынылуын, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған шаралардың әзірленуін және жүзеге асырылуын бақылайды.Қаржылық құжаттардың, еңбекақы бойынша есеп айырысулардың уақтылы және дұрыс орындалуын, заңға сәйкес салық және мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, зейнетақы және басқа да сақтандыру жарналарының, банктерге төлемдердің, күрделі салымдарды қаржыландыру қорларының дұрыс есептелуін және аударылуын қамтамасыз етеді.Қаражаттардың кірістері мен шығыстары туралы, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы, басқа да бухгалтерлік және статистикалық есеп берулер туралы бухгалтерлік баланстар мен жедел жиынтық есептерді уақтылы ұсынуды және олардың белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынылуын қамтамасыз етеді.Жабдықтаушылармен қаржылық-экономикалық қатынастарды реттейді.«Ашық бюджет» интернет-порталында ақпаратты уақтылы орналастыру.Басшылық тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін объектілерді салу кезінде жобалық-сметалық құжаттарды басқару балансына уақытылы тапсыру.Өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.07.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.07.2024 – 04.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 МБ

Сұхбаттасу күні

09.07.2024

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ-де Өскемен қ., М.Горький к., 40, қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

71-31-38, 71-31-37