Еңбек көші-қоны және еңбек нарығын мониторингілеу бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, D-О-4 санаты, функционалдық блок А, код №08-03
Шығыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Педагогика және психология
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлеуметтік жұмыс
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Министрліктің, облыс әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың, департаменттердің және басқа да ұйымдардың сұрау салулары бойынша жедел Талдамалық мәліметтер жасайды; Функционалдық міндеттері шегінде азаматтардың өтініштерін уақтылы қарайды. Облыс әкімі орынбасарлары мен басқарма басшысының жанындағы алқалар мен кеңестерде қарау үшін ақпараттық материалдарды, жобаларды, баяндамаларды, шешімдер мен өкімдерді дайындауға қатысады. Құзыреті бойынша сұраулар мен өтініштердің уақтылы және сапалы орындалуын, жоғары тұрған ұйымдардың актілерін, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуді бақылайды; Өңірлер бөлінісінде жұмыскерлерді босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асырады; Облыс бойынша және өңірлер бөлінісінде 1-Т мемлекеттік статистикалықт айлық есептілікті жасайды; Облыс бойынша және өңірлер бөлінісінде тұтастай алғанда «статистикалық нысандар» 2-Т мемлекеттік статистикалық тоқсандық есептілікті жасайды; Жоғары тұрған органдар үшін 3-ТН (жасырын) нысанындағы статистикалық есепті жинауды және тапсыруды жүзеге асырады; Жұмыспен қамту орталықтарына есепті деректерді жасау бойынша теориялық және практикалық көмек көрсетеді. «Еңбек нарығы» ААЖ-дан жүктелгенр бойынша еңбек нарығының нақты есептері бойынша сәйкестікті қамтамасыз етеді; Облыс бойынша кадрларға қажеттілікті әзірлейді және өзектілігін қадағалайды. Жетекшілік ететін мәселелер мен есептер бойынша уәкілетті органдардың мамандарына әдістемелік көмекті жүзеге асырады; Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жетекшілік ететін мәселелердің орындалуын талдайды; «Электрондық еңбек биржасы» порталында жұмысты жүзеге асырады; Өз құзыреті шеңберінде Жұмыспен қамту саласындағы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының жол картасы индикаторын орындауды жүзеге асырады; Қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыскерлерді кәсіпорындардан босату бойынша есептілік бойынша мониторингті және қолдауды жүзеге асырады; Қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу және орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді және талдайды; «Жеке жұмыспен қамту агенттігіне еңбек делдалдығына өтініш білдіргендердің саны туралы есеп» 3-Т (жұмысқа орналастыру) есебін жасайды, ведомстволық және жедел есептілікті («өтініш бергендердің саны туралы жедел мәліметтер») жасауға қатысады, уәкілетті органдардың статистикалық есептерінің дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады; Жалпы облыс бойынша және өңірлер бөлінісінде тіркелген еңбек нарығының есебін жүргізеді және талдайды; ОНП тармақтары бойынша ай сайын және тоқсан сайын ақпарат дайындайды. Ай сайын өтініш білдірген және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылған мигранттардың саны туралы есеп жасайды; Ай сайын жұмыссыздықтың төмендеуіне әсер ететін факторлар туралы есеп әірлейді; Қалалар мен аудандар аясында және экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады; Жұмыс орындарын сақтау бойынша меморандумдар жасасу бойынша ай сайынғы ақпаратты дайындайды; «Ашық үкімет» интернет-порталына орналастыру үшін жұмыспен қамту органдарына жүгінген тіркелген жұмыссыздар саны туралы ақпарат дайындайды; Еңбек нарығының көрсеткіштері бойынша статистика үшін тоқсан сайын ақпарат дайындайды; Өз құзыреті шеңберінде Шекара маңы аумағын және бұрынғы аудан орталықтарын дамытудың кешенді жоспарларының көрсеткіштерін орындалуын қамтамасыз етеді; Өз құзыреті шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының көрсеткіштерін орындауды жүзеге асырады; Шығыс Қазақстан облысының 2021- 2025 жылдарға арналған жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы индикаторларының орындалуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
ai.amanzholova@akimvko.gov.kz
- 08.09.2023
- Өскемен қ., М.Горький к., 40. ZOOM арқылы өткізіледі
-
713169