«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты ҮББ-4
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты ҮББ-4
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 301/НҚ бұйрығымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытының (бұдан әрі ҮББ-4) жобалар тобын іске асырады. Оның мақсаты - мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру және жобалық басқару құралдары арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі квазимемлекеттік сектордың жұмысын ұйымдастыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету.
Іс-шараларды үйлестіру үшін облыс әкімдігінің базасында жобалық кеңсе құрылды, әрбір мемлекеттік органда жобалық кеңсемен өзара әрекеттесу үшін жауапты тұлғалар анықталды.
ҮББ-4 жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес қойылған міндеттерді іске асыру бойынша кешенді жоспар әзірленді.
2025 жылы жоба 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады:
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Жобаны іске асыруға қалалар мен аудандардың әкімдіктері, облыстық басқармалар, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қатысады.
"СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ" ҮЛГІЛІК БАЗАЛЫҚ БАҒЫТТЫҢ №4 ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ