«Киелі Алтай»: Катонқарағайдың әсем табиғатына арналған фотокөрме


21 сәуір күні сағат 16.00 –де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Киелі Алтай» фотокөрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Көрмеде ұсынылған авторлық фотосуреттер – Катонқарағай ауданының ерекше орындарына жасалған «Киелі Алтай» ауқымды экспедициясының нәтижесі.
«Киелі Алтай» фото-туры 2019 жылы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Shygys Aqparat медиахолдингі мен Берел мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен ұйымдастырылған. Экспедицияға жас фотографтармен бірге Маңғыстау облысы, Орал, Алматы, Нұр-Сұлтан және басқа да өңірлердің тәжірибелі кәсіпқой фотографтары да қатысты. Олардың қатарында – «Фотоөнер» ҚҚ президенті Асылхан Әбдірайым, ардагер-фотограф Нұрманбет Қизатұлы, National Geographic шеф-фотографы Ерболат Шадрахов, «Дидар» газетінің фотографы мен журналисты Мерей Қайнарұлы мен Тілеубек Шаяхметов.
Фотокөрме Шығыс Қазақстанның бірегей табиғи пейзажының қайталанбас ландшафттарынан ләззат алуды, киелі жерлердің сұлулығы мен ұлылығын ұлықтап, рухын сезінуге мүмкіндік береді. Фотографтар төр Алтайды, оның ішінде тылсымға толы мекен Берелді, көркемдігін айтып жеткізуге сөз жетпейтін Қаракөл, «Австриялық жол» сынды өлкеміздегі тарихи жерлерді аралап, тұнып тұрған тұмса табиғатты тамаша суреттерімен берген.
Фотожұмыстардың бірегей галереясын кітапхананың Өлкетану топтамасындағы кітап көрмесі толықтырады, олар: қазақстандық археолог-ғалымдар Зейнолла Самашев, Әбдеш Төлеубаев, Алдар Горбуновтың монографиялары, көркем фотоальбомдар, суретті жолсілтемелер және т.б. ұсынылған басылымдар Шығыс Қазақстанның табиғаты мен байлығының алуан түрлі құпиялары мен жұмбаққа толы сырын түсінуге көмектеседі.
Аталған фотоэкспозиция А. С. Пушкин атындағы кітапханада мамыр айының соңына дейін жұмыс істеп, біздің бірегей де қайталанбас өңіріміздің туристік әлеуетін танымал ету және дамыту ісінде тамаша демеу болатынына сенімдіміз.
Байланысшы: Кемешева Меруерт,
тел.: 261-333, 87052819343
21 сәуір 2022
31 мамыр 2022
Пресс-релиз