Дене шынықтыру және спорт басқармасы.

«БЕКІТЕМІН»

«ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ

басшысы

_____________________ А. Можанов

 

«09» сәуір 2026 жыл

 

 

«ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізбесі

№ п/п

Ұсыныс

Іс-шара атауы

Қорытынды формасы

Жауапты тұлғалар

орындау мерзімі

1

2

3

4

5

6

Ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

1

«Жасырын» қоса атқарушылық пен формальды түрде жұмысқа орналасудың жолын кесу

ММ штаттық кестелерін «Еңбек» АЖ деректерімен және әлеуметтік аударымдар базасымен өзара салыстыруды жүргізу

Талдау жазбасы, салыстыру актілері

Әкімшілік-қаржы бөлімі

Мамыр 2026ж.

2

ММ басшыларының қаржылық бұзушылықтар үшін жауапкершілігін күшейту

ММ директорларымен жасалған үлгілік еңбек шарттарына қайталама бұзушылықтар үшін шартты бұзу бөлігінде өзгерістер енгізу

Шарттарға қосымша келісімдер

Әкімшілік-қаржы бөлімі

Мамыр 2026ж.

3

Спорт залдары мен нысандарын «көлеңкелі» пайдалануды болғызбау

Жалға алу шарттарына түгендеу жүргізу және жаттығу кестелерін салыстырып тексеру, бейнебақылауды тексеру

Түгендеу актілері, анықтама

Бұқаралық спорт және спорттық инфрақұрылым бөлімі

Мамыр 2026ж.

4

Спортшылардың тамақтануы мен тұруына арналған шығыстарды жоспарлаудың ашықтығы

Минималды бағалары бар ұсынылатын қызмет берушілердің өңірлік тізілімін қалыптастыру және бекіту

Басқарма бұйрығы, тізілім

Әкімшілік – қаржы бөлімі (Бухгалтерия)

Мамыр 2026ж.

5

Спорт федерацияларын аккредиттеу кезіндегі кедергілерді жою

Орындаушымен тікелей байланыссыз федерацияларға кеңес беру үшін «бір терезе» регламентін әзірлеу және енгізу

Регламент

Жоғары жетістіктер спорты және спорттық резерв бөлімі

Мамыр 2026ж.

6

Білімі туралы жалған құжаттарды пайдалану фактілерін болғызбау

ЖОО-ларға ресми сұрау салулар жолдау, цифрлық порталдар арқылы тексеру

Хат жолдауға бастамашылық жасау

Әкімшілік – қаржы бөлімі (Кадрлар)

Мамыр 2026ж.

7

Ведомстволық бағынысты мектептердің директорларын тағайындау кезінде ашықтықты қамтамасыз ету

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болғызбау үшін ведомстволық бағынысты мекемелердің бірінші басшыларын тек конкурс бойынша қабылдау қажеттілігі туралы Туризм және спорт министрлігіне хат жолдауға бастамашылық жасау

Конкурс туралы ереже, хат жолдауға бастамашылық жасау

Әкімшілік – қаржы бөлімі (Кадрлар, заңгер)

Мамыр 2026ж.

8

Жетістіктері үшін негізсіз төлемдер мен үстемеақылардың алдын алу

ММ-нің үстемеақылар туралы бұйрықтарын республикалық және халықаралық федерациялардың ресми хаттамаларымен комиссиялық салыстырып тексеру

Комиссия хаттамалары, төлемдерді алып тастау туралы бұйрықтар

Әкімшілік – қаржы бөлімі (Бухгалтерия), Жоғары жетістіктер спорты және спорттық резерв бөлімі 

ҚР МСМ 2016 жылғы 26 маусымдағы №190 бұйрығына сәйкес. Желтоқсан, 25-інен кешіктірмей

 

 

 

 

 

Жарияланған күні

31 қазан 2023

Жаңарту күні

12 тамыз 2026