Жиі қойылатын сұрақтар

Автобус немесе шағын автобус жолға шықпай тұрып билетті кассаға қайтарған жағдайда, билет құнынан 3 пайыздан аспайтын сома ұсталып, қалған ақшасы жолаушыға қайтарылады.

Мысал: билет бағасы 2 000 теңге болса, 60 теңгеге дейін ұсталады, жолаушыға 1 940 теңге қайтарылады.

Егер билет сатып алынғаннан басқа кассада қайтарылса, билет құнынан 5 пайыздан аспайтын комиссия ұсталады.

Мысал: билет бағасы 2 000 теңге болса, 100 теңгеге дейін ұсталады, жолаушыға 1 900 теңге қайтарылады.

Автобусқа кешіккен жағдайда билет 3 тәуліктен кешіктірілмей қайтарылуы тиіс. Бұл жағдайда билет құнының 70%-ы өтеледі.

Мысал: билет бағасы 2 000 теңге болса, жолаушы 1 400 теңге алады. 3 тәуліктен кейін билет қайтарылмайды.