Жиі қойылатын сұрақтар
Концерт залын, мәдениет үйін немесе сахналық алаңды жалға алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Іс-шара өткізілетін алаңды анықтау
Мәдениет нысанын таңдау қажет:
- концерт залы;
- мәдениет үйі;
- мәдениет сарайы;
- филармония;
- театр алаңы;
- өзге де сахналық алаңдар.
Мысалы: концерт, конференция, фестиваль, шығармашылық кеш өткізу.
- Алаңды жалға алу туралы өтініш беру
Мәдениет нысанының теңгерімінде тұрған ұйымға не объект коммуналдық меншікте болған жағдайда облыстың коммуналдық мүлкін басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға жүгіну қажет.
Өтініш мәдениет нысаны орналасқан жер бойынша беріледі.
Өтініште мынадай мәліметтерді көрсету ұсынылады:
- іс-шара өтетін күн;
- басталу және аяқталу уақыты;
- іс-шараны өткізу мақсаты;
- қатысушылардың немесе көрермендердің болжамды саны;
- іс-шараның форматы.
- Қажетті құжаттарды ұсыну
Жалдау шартын жасау үшін төмендегі құжаттар талап етілуі мүмкін.
Жеке тұлғалар үшін:
- жеке куәлік;
- байланыс деректері;
- сенімхат (қажет болған жағдайда).
Заңды тұлғалар үшін:
- БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі);
- құрылтай құжаттары;
- банктік деректемелер;
- өкілдің сенімхаты (қажет болған жағдайда).
Концерттер, фестивальдер, театр қойылымдары, шоу-бағдарламалар және әртістердің қатысуымен не сахналық жабдықтарды пайдалану арқылы өткізілетін өзге де іс-шаралар кезінде қосымша мынадай құжаттар сұратылуы мүмкін:
- сценарийлік жоспар немесе іс-шара бағдарламасы - егер іс-шарада әртістердің өнер көрсетуі, шығармаларды көпшілік алдында орындау, театр қойылымы, концерттік бағдарлама немесе ресми рәсім қарастырылса;
- орындаушылардың, жүргізушілердің немесе қатысушылардың тізімі - егер іс-шараға әртістер, музыкалық ұжымдар, спикерлер, жүргізушілер немесе өзге де шақырылған қатысушылар қатысса;
- техникалық райдер - егер алаңды техникалық дайындауды талап ететін дыбыстық, жарық, мультимедиялық, сахналық немесе өзге де арнайы жабдықтарды пайдалану жоспарланса;
- шетелдік әртістер қатысқан жағдайда ШҚО Ішкі саясат басқармасымен келісу талап етіледі.
Аталған құжаттарды ұсыну қажеттілігі жалдау шартының талаптарына, мәдениет мекемесінің ішкі қағидаларына және объектінің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты айқындалады.
- Жалға алу шарттарын келісу
Ұйыммен төмендегі мәселелер келісіледі:
- алаңды пайдалану күні мен уақыты;
- жалдау құны;
- техникалық сүйемелдеу;
- дыбыстық, жарық және сахналық жабдықтарды пайдалану;
- техникалық персоналдың қатысуы.
Қоғамдық тәртіпті, өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жалдау шартының талаптарына, мәдениет нысанының ішкі қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес іс-шараның форматына, қатысушылар санына және өткізу ерекшеліктеріне қарай айқындалады.
- Шарт жасау
Өтініш қаралғаннан кейін:
- жалдау (мүліктік жалдау) шарты; немесе
- іс-шараны бірлесіп өткізу туралы шарт жасалады.
Шартқа қол қойылғаннан кейін төлем ресми банктік деректемелер бойынша жүргізіледі.
Өтініш беруші қандай нәтиже алады?
Белгіленген талаптар сақталған жағдайда өтініш беруші келісілген күн мен уақытта сахналық алаңды, мәдениет үйін немесе концерт залын іс-шара өткізу үшін пайдалану құқығын алады.
Мысал
Ұйымдастырушы 300 көрерменге арналған концерт өткізуді жоспарлайды. Ол үшін объект орналасқан жердегі мәдениет үйіне жүгініп, концерт залын жалға алу туралы өтініш береді, іс-шара бағдарламасын ұсынады, жалдау құнын келіседі және шарт жасалғаннан кейін концерт өткізу құқығын алады.
Қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгінуге болады?
Сахналық алаңды, мәдениет үйін немесе концерт залын жалға алу мәселелері бойынша:
- объект теңгерімінде тұрған мәдениет ұйымына;
- мәдениет нысаны орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) мәдениет бөліміне немесе мәдениет басқармасына жүгінуге болады.
Өзекті байланыс деректерін тиісті әкімдіктің немесе мәдениет ұйымының ресми интернет-ресурсынан нақтылаған жөн.
Терминдер
Жалдау (мүліктік жалдау) — мүлікті ақы төлеу негізінде шарт бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға беру.
Жергілікті атқарушы орган — облыс, қала немесе аудан әкімдігі.
БСН — заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
Сахналық алаң — концерттер, спектакльдер, конференциялар және өзге де іс-шаралар өткізуге арналған жабдықталған үй-жай немесе кеңістік.
Баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға арналған ваучерді алу үшін ата-анасы немесе заңды өкілі келесі әрекеттерді орындауы қажет:
- 1. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторының ақпараттық жүйесі арқылы өтінім беру
Баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға арналған ваучерді алуға өтінім баланың тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторының ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.
Маңызды:
Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік шығармашылық тапсырыс тиісті қалалар мен аудандар бойынша жергілікті атқарушы органдар анықтаған операторлар арқылы іске асырылады.
- «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
- «Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
- «Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
- ШҚО Күршім ауданының «Шабыт» КМҚК;
- «Зайсан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
- «Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
- «Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
- «Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;
- «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ;
- «ШҚО Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ.
- Баланың тұрғылықты жері бойынша операторды анықтау
Өтінім баланың тұрғылықты қаласы немесе ауданы бойынша бекітілген оператор арқылы беріледі.
№1 оператор — «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Мекенжайы: Өскемен қ., Пермитин көшесі, 29
Телефон: +7 (7232) 26‒55‒36, бұл оператор арқылы Өскемен қаласында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді.
№2 оператор — «Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Мекенжайы: Глубокое ауданы, Попович көшесі, 3А
Телефон: 8(723-31) 23-212, 87773032252, бұл оператор арқылы Глубокое ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;
№3 оператор — «Ұлан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мекенжайы: Ұлан ауданы, Қ.Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5
Телефон: 8 (723-38)-77-262, 87051350769, бұл оператор арқылы Ұлан ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;
№4 оператор — ШҚО Күршім ауданының «Шабыт» КМҚК
Мекенжайы: Абылай хан көшесі, 86
Телефон: 87779953381, бұл оператор арқылы Күршім ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;
№5 оператор — «Зайсан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мекенжайы: Шаймардан көшесі, 14
Телефон: 8(72-340) 27-007, бұл оператор арқылы Зайсан ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;
№6 оператор — «Алтай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мекенжайы: Алтай ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 18
Телефон: 87781587482, бұл оператор арқылы Алтай ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;
№7 оператор — «Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мекенжайы: Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, 17
Телефон: 87784124752, бұл оператор арқылы Тарбағатай ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;
№8 оператор — «Шемонаиха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мекенжайы: Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Астафьев көшесі, 61А
Телефон: 8(72-332)33-0558, 87072288204, бұл оператор арқылы Шемонаиха ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;
№9 оператор — «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ
Мекенжайы: Риддер қ., Тәуелсіздік даңғылы, 3Б
Телефон: +7 (72336) 210-57, бұл оператор арқылы Риддер қаласында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді;
№10 оператор — «ШҚО Катонқарағай ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ
Мекенжайы: Катонқарағай ауданы, ______ көшесі
Телефон: +7 (72-341) -213-55, бұл оператор арқылы Катонқарағай ауданында тұратын балалардың заңды өкілдері өтінім береді.
- Шығармашылық үйірмені таңдау
Жүйеге тіркелгеннен кейін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- баланың тұрғылықты жері бойынша қаланы немесе ауданды таңдау;
- мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа қатысатын қосымша білім беру ұйымын таңдау;
- шығармашылық үйірменің бағытын таңдау (мысалы: вокал, домбыра, хореография, сурет салу, актерлік шеберлік және басқа да бағыттар).
Маңызды:
Ваучер бала кезекке қойылған және мемлекеттік шығармашылық тапсырыс орналастырылған қала немесе аудан шегінде ғана беріледі.
- Баланы кезекке қоюға өтінім беру
Үйірмені таңдағаннан кейін ваучер алуға электронды өтінім беру керек және баланы кезекке қою қажет.
- Ваучердің бөлінуін күту
Ваучерлерді бөлу ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде мынадай ретпен жүзеге асырылады:
- өтінім берудің кезек ретілігіне қарай;
- бос орындар болған жағдайда;
- қарастырылған бюджеттік қаржыландыру шегінде.
- Баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауды растау
Шығармашылық үйірмеге арналған ваучерді алғаннан кейін ата-анасы немесе заңды өкілі баланың таңдалған ұйымға қабылданғанын растауы қажет.
Нәтиже:
Бала мемлекет есебінен шығармашылық үйірмеге тегін қатысу құқығына ие болады.
Ваучерді кім ала алады?
Шығармашылық үйірмеге арналған ваучер:
- 4 жастан бастап 17 жасты қоса алғандағы балаларға;
- кезек реттілігі бойынша;
- бюджеттік қаржыландыру болған жағдайда беріледі.
Қандай құжаттар мен мәліметтер қажет болады? Әртүрлі операторларда бұл үдеріс әртүрлі ме?
Шығармашылық үйірмеге қабылдауға арналған ваучерді алуға өтінім беру кезінде мынадай мәліметтер мен құжаттар қажет болуы мүмкін:
- баланың ЖСН-і (жеке сәйкестендіру нөмірі);
- ата-анасының немесе заңды өкілінің ЖСН-і;
- баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты;
- баланың туған күні;
- байланыс телефон нөмірі;
- электрондық пошта мекенжайы (болған жағдайда);
- баланың тіркелген немесе тұрғылықты жерінің мекенжайы;
- баланың туу туралы куәлігі — қажет болған жағдайда;
- электрондық жүйеде дербес деректерді өңдеуге келісім беру.
Шешімді кім қабылдайды?
Шығармашылық үйірмелерге қабылдауға арналған ваучерлерді бөлу мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторының ақпараттық жүйесі арқылы төмендегідей сәйкес автоматты түрде жүзеге асырылады:
- кезек реттілігіне;
- бос орындардың болуына;
- бюджеттік қаржыландырудың болуына.
Мысал
Ата-ана баланың тұрғылықты жері бойынша операторды анықтап, ақпараттық жүйеге тіркелді, вокал бойынша шығармашылық үйірмені таңдады, шығармашылық үйірмеге ваучер алуға өтінім берді, кезегін күтті және ваучерді алғаннан кейін баланың үйірмеге қабылданғанын растады. Осыдан кейін бала сабақтарға тегін қатысады.
Қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгіну керек?
Баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға ваучер алу мәселелері бойынша мына мекенжайларға хабарласуға болады:
- баланың тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне;
- тиісті қала немесе аудан бойынша бекітілген мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторына;
- баланың тұрғылықты жері бойынша қолданылатын мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторының ақпараттық жүйесі арқылы.
Ағымдағы байланыс деректерін, мекенжайлары мен қабылдау кестесін тиісті қала немесе аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан нақтылау ұсынылады.
Терминдер
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс — бюджет қаражаты есебінен балаларға арналған шығармашылық үйірмелерді мемлекеттік қаржыландыру механизмі.
Ваучер — баланың шығармашылық үйірмеге тегін қатысу құқығының электрондық растамасы.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс операторы — өтінімдерді қабылдау, кезек жүргізу, ваучерлерді бөлу және балалардың қатысуын есепке алу үшін жергілікті атқарушы орган анықтаған ұйым.
ЖСН — жеке сәйкестендіру нөмірі.
Ескерткіш немесе монумент орнату үшін әкімдікке (жергілікті атқарушы органға) ұсыныс беру керек. Қандай құжаттарды ұсыну керек:
- Идеяның сипаттамасымен қол қойылған өтініш.
- Жеке тұлғаның еңбегін немесе оқиғаның маңыздылығын растайтын құжаттар (мұрағат материалдары, жарияланымдар, марапаттар және т.б.).
- Тұлғаны келісу-оның Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізіміне кіретіндігін тексеру.
Мысалы: егер кеншілерге немесе энергетиктерге ескерткіш орнату ұсынылса, онда бұл адамдардың аймақтың дамуына қосқан үлесін негіздеп, оны құжаттармен растау қажет.
Орнату шарттары:
- Ескерткіш көрнекті тұлға қайтыс болғаннан кейін кемінде 5 жыл өткен соң орнатылуы мүмкін (ерекшелік — каһармандық пен ерлік таныту, борышын орындау кезінде қаза болу, ел тәуелсіздігіне қомақты үлес қосу жағдайлары).
- Ескерткіштер мемлекеттік меншіктегі жалпы пайдалану орындарында орналастырылады.
Қарау тәртібі:
- Ұсыныс әкімдікте қаралады, әрі қарай Мәдениет және ақпарат министрлігі (МАМ) жанындағы Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.
- Мақұлданған жағдайда ұсыныс ескерткіштерді орнату жөніндегі арнайы жоспарға енгізіліп, содан кейін жобаны іске асыру басталады.
Жоба және орнату: ескерткіш жобасы мүсіншілер арасындағы шығармашылық байқау арқылы таңдалады-бұл ашықтықты қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмайды.
Маңдайша тілі: мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшасы мемлекеттік (қазақ) тілде болуы тиіс. Қажет болған жағдайда орыс және басқа тілдерде қайталауға жол беріледі.
Хабарлама тәртібі: хабарлама жоспарланған маңдайша орнатылғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын жіберілуі тиіс.
Нысанның орналасқан жеріне байланысты хабарлама келесіге беріледі:
- Республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе облыс орталығының әкімдігі - егер объект осы қалаларда орналасқан болса ;
- Аудан әкімдігі - егер объект аудан орталықтарында, ауылдарда немесе кенттерде орналасқан болса.
Хабарламаға не қоса жолдау керек: маңдайшаның орналасқан жері туралы мәліметтері бар форма; маңдайшаның эскизі (графикалық сурет).
Әкімдік жоюға міндетті жазбаша ескертулер бере алады. Егер әкімдік хабарламаны алған сәттен бастап 4 жұмыс күні ішінде жауап жібермесе, кәсіпкер маңдайшаны өзі көрсеткен мерзімде орналастыруға құқылы.
Маңызды: ескертусіз немесе талаптарды бұза отырып, маңдайшаны орналастыру әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Объектілердің атауын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында сіңірген еңбегі бар басқа да адамдардың атымен қайта атау, мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға айрықша елеулі үлес қосқан батырлық пен батылдық танытқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, олар қайтыс болған күннен бастап бес жылдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
Объектілердің атауын көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет қайраткерлерінің және Қазақстан Республикасы мен әлемдік қоғамдастық алдында сіңірген еңбегі бар басқа да адамдардың атымен қайта атау, мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуға айрықша елеулі үлес қосқан батырлық пен батылдық танытқан тұлғалардың есімдерін беру жағдайларын қоспағанда, олар қайтыс болған күннен бастап бес жылдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.