Шығыс Қазақстан облысының әкім аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі туралы ЕРЕЖЕСІ

Жалпы ережелер

  1. Құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім (бұдан әрі - Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі - аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің, әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
Жарияланған күні

16 сәуір 2026 15:17

Жаңарту күні

16 сәуір 2026

Түрі