Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже

Жалпы ережелер

  1. Терроризмге қарсы комиссия қызметін қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлім құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімінің аппарат басшысымен бекітіледі.
Жарияланған күні

15 қаңтар 2020 00:00

Жаңарту күні

16 сәуір 2026

Түрі