Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының хатшылығы туралы ереже

Жалпы ережелер

  1. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының хатшылығы (бұдан әрі-Хатшылық) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - аппарат) болып табылады.
  2. Хатшылық өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің, әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Хатшылықтың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аппарат басшысы бекітеді.
Жарияланған күні

16 тамыз 2024 11:49

Жаңарту күні

17 маусым 2025

Түрі