Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының қаржы - экономика бөлімі туралы ереже

Жалпы ережелер 

  1. Қаржы - экономика бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің, әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде әкім аппаратының басшысы бекітеді.
Жарияланған күні

30 шілде 2020 00:00

Жаңарту күні

16 сәуір 2026

Түрі