Өнеркәсiп және бизнес

Шығыс Қазақстан облысының 2025 жылғы өнеркәсіп бойынша ақпарат

2025 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 566,2 млрд.теңгені, өңдеу өнеркәсібі 1 390,1 млрд. теңгені (ҚР бойынша үлесі – 10%) құрады, өсім 27%.

Өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 88,6% алады.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі үлесін металлургия алады-70%.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Құрылыс лицензиясын алу үшін Сізге: «Электрондық лицензиялау» порталына кіріңіз немесе тіркеліңіз. «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылған «Электрондық лицензиялау» порталының бетінде пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінімді

толтырыныз.

Өтініште келесі мәліметтер болуы тиіс:

1) өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;

2) өтініш иесі пайдалануға беру үшін сұрап отырған кен іздеушілік учаскесін айқындайтын, бұрыш нүктелерінің географиялық координаттары бар және жалпы алаңы көрсетілген масштабтағы кен іздеушілік аумағына нұсқау.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) өтініш иесі бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдаланылуы жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік учаскесінде жүргізілуі жоспарланып отырған кен іздеушілік жөніндегі жұмыстың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;

2) аумағына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;

3) егер өтініш беруші кен іздеушілікке арналған лицензия қолданысының алғашқы жылы ішінде механикаландыру құралдарын пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспары.

Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.

Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде толтыруы тиіс.