Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 238-қ «Мұнайлы ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Мұнайлы ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы №238-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3468 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 290-НҚ ««Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»» бұйрығымен бекітілген «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №34809 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
- Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Мұнайлы ауданының әкімі |
|
Қ.Құлжанов |
18