2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 8 желтоқсандағы №0/00 «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 12 274 377,8 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 9 121 023,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 43 799,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 5 348,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 3 104 207,8 мың теңге;
2) шығындар – 12 274 377,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 538 684,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 538 684,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу –0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 538 684,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 538 684,0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі – 538 684,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу –0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.»;
- 2025 жылға арналған аудандық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін:
1) ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы – 100 пайыз;
2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 50 пайыз;
3) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
4) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы – 100 пайыз;
5) әлеуметтік салық – 50 пайыз.»;
- 2025 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттеріне 500 000,0 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін.
- 2025 жылға арналған аудандық бюджетке республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан ағымдағы нысаналы трансферттердің, нысаналы даму трансферттері мен бюджеттік кредиттердің 3 642 891,8 мың теңге сомасында бөлінгендігі ескерілсін. Оларды пайдалану тәртібі аудан әкімдігінің қаулысының негізінде анықталады.
- 2025 жылға арналған аудан әкімдігінің резерві 10 000,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
- Осы шешімнің 4 қосымшасына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
- Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Билялов
17