Мұнайлы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 шілдедегі № 592 «Қазақстан Республикасының ішкі нарығын жеміс-көкөніс өнімінен молықтыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 358 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде№ 15689 болып тіркелген) бұйрықтарына сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мұнайлы ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 238-қ «Мұнайлы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3468 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Д. Мураталиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Сүлейменовке жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5
05 наурыз 2020 00:00
05 наурыз 2020