Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37- баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мұнайлы аудандық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 08-18/189 ұсынысы негізінде, Мұнайлы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Жылқы малдарының арасында лептоспироз ауруының анықталуына байланысты, Мұнайлы ауданы «Боржақты» жерінде «Қожыр Ата» шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Б.Сүлейменовке жүктелсін.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Әкім                                                                                        Р. Елтизаров

 

 

 

Жарияланған күні

10 тамыз 2021 05:59

Жаңарту күні

11 тамыз 2021

Түрі