Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
______________________________________________________________________________________ |
||
|
|
|
|
БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
__________ __________
Нұр-Сұлтан қ-сы г. Нур-Султан
Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2004 жылғы
7 шілдеде Ғабдолла Жұмашайұлы Қырықбаевқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0005695 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын. - Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаменті:
1) Ғ.Ж. Қырықбаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
2) Ғ.Ж. Қырықбаевтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясы қайтарып алынсын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры Б.С. Атағазиеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 13.08.2020 ж. № 5-5848 ұсынысы және 29.06.2020 ж. № 20-615-20-0001410 акт жазбасының көшірмесі.
Вице-министр А. Әмірғалиев
54
09 қараша 2020 00:00
09 қараша 2020