Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
______________________________________________________________________________________ |
||
|
БҰЙРЫҚ
|
|
ПРИКАЗ
|
|
___________________
Нұр-Сұлтан қаласы
|
|
№__________________
город Нур-Султан
|
Лицензияның қолданысын
тоқтата тұру туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетімен Сабина Полатовна Бейсебековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылдың 13 тамызында берілген № 12008617 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2021 жылдың 1 қазанына дейін тоқтатыла тұрсын.
- Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус С.П. Бейсебекованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус С.П. Бейсебекованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру жөнінде шаралар қолдансын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры Б.С. Атағазиеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: нотариус С.П. Бейсебекованың 2020 жылғы 16 қыркүйектегі өтініші және Нұр-Сұлтан қаласы Әділет департаментінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 2-06/3782-И ұсынуы
Вице-министр А. Әмірғалиев
56
09 қараша 2020 00:00
09 қараша 2020