Лицензияның қолданысын тоқтату туралы
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ |
МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН |
|
|
_____________________________________________________________________________________ |
||
|
|
|
|
2020 жылғы 21 қазандағы №499 БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ
Нұр-Сұлтан қ-сы г. Нур-Султан
Лицензияның қолданысын
тоқтату туралы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2013 жылдың 15 шілдесінде Аскар Алимжанович Шарафиевке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 13011130 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
- 2. Маңғыстау облысының Әділет департаменті:
1) А.А.Шарафиевтің нотариаттық құжаттарын Маңғыстау облысы нотариаттық палатасының мұрағатына тапсыруды;
2) А.А.Шарафиевтің мөрін жоюды және лицензиарға беру үшін оның лицензиясын қайтарып алуды ұйымдастырсын.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген Лицензиялардың мемлекеттік тiзiлiмiне тиісті жазба енгізу бойынша шараларды қабылдасын.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры Б.С.Атағазиеваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі:
- Республикалық нотариаттық палатасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі 1-6/1040 ұсынуы және 2020 жылғы 8 шілдедегі №4710-20-00-1/255 сот үкімінің көшірмесі.
Вице-министр А. Мадалиев
63
22 қазан 2020 00:00
22 қазан 2020